• Mail Us
  • Call Us

Терроризмнің алдын-алу дәрісі

Бүгін Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде директордың тәрбие және шығармашылық жұмысы жөніндегі орынбасары Дәурен Маратұлының ұйымдастыруымен студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша дәріс өткізілді. Кездесуде Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, философ Күдерина Айжан Нурхамитовна студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы кеңінен айтылды. Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

21.11.2023