СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ
Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінің студенттер қауымдастығы:
- Коллдж миссиясын жүзеге асыру үшін өз жауапкершілігін түсіне отырып;
- РЭЦК корпоративтік мәдениеті мен имиджін қолдауды және дамытуды өз парызы деп санай отырып;
- оқытушылар, қызметкерлер және Колледж әкімшілігі арасында шынайы демократиялық қатынастар жүйесін құруға ұмтыла отырып, РЭЦК студентінің ар-намыс кодексін қабылдайды және оны мүлтіксіз орындауға міндеттенеді.
1 бап - РЭЦК студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, РЭЦК Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, жатақханада тұру ережелерін сақтайды.
2 бап - РЭЦК студенті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін, Қазақстанның ұлттық мәдениетін, тарихы мен мемлекеттілігін біледі және құрметтейді, Колледж дәстүрлерін арттырады және ұқыпты сақтайды.
3 бап - РЭЦК студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және РЭЦК әкімшілігімен қарым-қатынаста сыпайылық, әдептілік және ілтипаттылық танытады.
4 бап - РЭЦК студенті кез-келген адамға, оның шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне, діни немесе дүниетанымына қарамастан құрметпен қарайды.
5 бап - РЭЦК студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, этикалық, академиялық және құқықтық бұзушылықтарға жол бермейді, соның ішінде:
- - жоғары баға алу үшін туыстық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану;
- - парақорлық; - оқытушыны алдау және оны құрметтемеу;
- - басқа білім алушыларға көшіру үшін өз жұмысын ұсынбайды;
- - сабақты себепсіз босатпайды;
- - сабаққа кешікпейді;
- - оқу үрдісі кезінде тәртіп бұзбайды, басқа білім алушыларды материалды қабылдаудан алаңдатпайды.
6 бап - РЭЦК студенті колледж мүлкінің сақталуын қадағалайды және оның аумағында бұзақылық көріністерін болдырмайды.
7 бап - РЭЦК студенті колледж кітапханалық және ақпараттық ресурстарына мұқият қарайды, оларға немқұрайды немесе зиянды көзқарасқа жол бермейді.
8 бап - РЭЦК студенті ұқыпты көрінеді, оның сыртқы түрі эстетикалық нормаларға сәйкес келеді.
9-бап - РЭЦК студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және физикалық деңгейін арттыруға ұмтылады, Колледждің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады.
10 бап - РЭЦК студенті колледжде де, одан тыс жерлерде де заңсыз әрекеттерге жол бермеуі керек.
11 бап - РЭЦК студенті елдегі тәртіпті тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттың таралуына жол бермеуі, сондай-ақ рұқсат етілмеген жиналыстарға, көрсетілімдерге, митингілерге, ереуілдерге, акциялар мен шерулерге қатыспауы тиіс.
12 бап - Студент колледжде оқытушылар мен студенттер арасындағы кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне және тәртіпке қарсы тұруға белсенді түрде ықпал етеді.
13 бап - РЭЦК студенті колледждің мүдделеріне қайшы келетін, РЭЦК беделі мен абыройына нұқсан келтіретін кез-келген қызметке қатысудан бас тартады.
14 бап - Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған РЭЦК студенті оны өз бетінше тоқтатуға тырысады немесе бұл туралы студенттік өзін-өзі басқару органдарына немесе әкімшілікке хабарлайды.