Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Біліктілікті арттыру курсы

04.05.2019

Кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы

2019 жылдың 15 сәуір мен 26 сәуір аралығында «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы өтті.
 
Курс аясында тыңдаушылар модульдік-құзыреттілік тәсілге негізделген ТжКБ мамандықтары бойынша оқу-жұмыс жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу әдістемесімен танысты.
 
Курсты  «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс оқытушысы Каримова Жулдуз Масалимовна  өткізді.
 
Курстың негізгі мақсаты – модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша педагог қызметкерлердің практикалық білімін, дағдысы мен іскерлігін, кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады. 
 
Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.