Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

9 Мамыр- Жеңіс күні

10.05.2019

9 Мамыр- Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әріптестер, студенттер сіздерді қастерлі мереке Жеңіс күнімен құттықтаймын!
9 мамыр – тарих төрінен орын алған, ұмытылмас дата.  Бүгінгі ашық аспан астындағы бейбіт өміріміз үшін ардагерлерімізге айтар алғысым шексіз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілегім келеді.
 
Батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, ал жеңіс рухы тек жаңа жетістіктерге жетелейді. Әлемде тек бейбітшілік пен ынтымақ болсын. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
 
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!