Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

РЭЦК студенттері қалалық және аудандық концерт сахналарында

17.05.2019
"Жеке ән салу" ПБК- ның студенттерінің мерекелік шараға ат салысуылары
7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар мен 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай колледжіміздің "Жеке ән салу" бөлім студенттері өте үлкен жұмыс атқарды. "Жеке ән салу" ПБК хор ұжымы Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласымен бірлесе отырып Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне арналған шараларға белсенді қатысты. Олардың репертуарындағы «Смуглянка», «Катюша», «День Победы», «Синий платок», «Майский вальс», «Кестелі орамал» секілді классикалық шығармалар концертке келгендердің қай-қайсысын болмасын бейжай қалдырмады. Концертте 3 курс студенттері Алимұса Сұңқар және Жабықбай Әлішер хормен жеке солист ретінде орындады. 6 мамыр күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында "Ұлы Жеңіс күніне" арналған концертте хор ұжымы табысты өнер көрсетті. Сонымен қатар, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен "Ұлы Жеңіс күніне" арналған мерекелік шараға, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында, "Астана" алаңында да өз өнерлерін паш етті.