Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Терроризм мен экстремизмге жол жоқ!

21.05.2019

Діни қатынастар және діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормаларын түсіндіру

 

Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 17 мамыр күні колледждің театр залында Алматы қ. Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Діни қатынастар және діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормаларын түсіндіру» тақырыбында лекция өткізілді. Лекция лекторы - Бейсенов Бағдат Қабылдаұлы- ақпараттық - түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы. Жиынға студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алысты. Лекцияға студент жастармен бірге оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кураторлар, тәрбие жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің мамандары және психолог қатысты. Колледжде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.