Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Еске алу кеші өтті

21.05.2019

Байтен Омаров- 92 жылына арналған еске алу кеші

 

Қазақстанның халық артісі, режиссер , киноактер, педагог Бәйтен Омаров туғанына 92 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті. "Жас сахна" театрында ұйымдастырылған шараға Бәйтен ағамыздың бірге қызметтес болған достары мен туған-туыстары бас қосып, естеліктерімен бөлісті. Колледжіміздің "Актер" ПБК төрайымы Мәлімова Әсия Несіпбайқызы мен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Утебаева Майса Омарбековнаның басшылығымен ұйымдастырылған шара өте жоғары деңгейде өтті. Осынау шараға арнайы келген меймандар мен колледж студенттері Байтен ағамыздың еске алу бұрышымен танысып, Бәйтен Омаров жайлы деректі филимді тамашалады. Ал «Жас сахна» театрының ұжымы келген қонақтарға да көтеріңкі көңіл күй сыйлап, «Эти свободные бабочки» атты қойылымын тарту етті. Кеш соңында Бәйтен Омаровтың қызы Жанна Омарова келген жұртшылыққа алғысын айтып, әке есімін ұмытпай, дәріптеп жатқандығына ризашылығын білдірді. Абай атамыз айтпақшы, «Адамның бір қызығы бала» дегендей, Бәйтен ағаның ұл-қыздары бұл күнде әке жолын жалғастырып, Бәйтен Омаров атындағы «Жас сахна» театрын жаңаша жабдықтап, әке мұрасын көзінің қарашығындай сақтап келеді.