Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Қазақ халық әндерінің көрнекті орындаушысы Жүсіпбек Елебековке- 115 жыл!

05.09.2019

Ж. Елебековтың мерей тойына орай жоспарланған шаралар

Биыл Қазақтың асқақ әншісі, Үлкен өнерпаз, тарлан талант иесі Жүсіпбек Елебековтың туылғанына 115 жыл болып отыр. Бес жасынан ән айтуды бастаған Жүсіпбек атамыз отанымыздың сол кездегі ең жоғарғы дәрежелі Ленин және “Құрмет белгісі” ордендерінің иегері, Қазақ КСР-ң халық әртісі, Қазақ КСР-ы Мемлекеттік силығының лауреаты болған. Жүсіпбек Елебековтың репертуарында Сегіз-сері, Біржан-сал, Ақан-сері, Мәди, Ыбырай, Естай, Майра, Жарылғапберді қазақ халық-кәсіби авторларының әйгілі және жарқын әндері бар. Бұл әндерге ол классикалық мінсіз пішін берді. Ұлы Әміре Қашаубаев өз уақытында: "Мен Жүсіпбек сияқты халық шығармаларын тамаша орындайтын қазіргі заман әншісін танымаймын!" деп айтқан болатын. Қазіргі таңда Ж.Елебековтың асқан әншілік өнерінің ықпалы бүгінгі күнде – қайта жаңғырып келе жатқандай. Дәстүрлі музыка орындаушыларымыз арасында оның жолын қуған жас буын әншілеріміз өте көп.Ұлы әншнің ән мұрасын қазіргі таңда сол қалпында насихаттап, сақтап келеді.