Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

05.09.2019

2019 жылғы - Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Бүгін 2019 жылы кыркүйектің 2 күні Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан жолдауын тыңдады. "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыптағы Мемлекет басшысының алғашқы жолдауы қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы жолында Парламент пен Үкіметке мақсат - міндеттерін айқындап берді. Жолдау 5 институционал реформалар мен Ұлт жоспарын толыққанды іске асыруға бағытталған. Жолдауда Президенттің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда: I. Заман талабына сай тиімді мемлекет. II. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. III. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика. ІV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. V. Қуатты өңірлер – қуатты ел. Президент еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс екенін – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу екенін атап көрсетті. Соның ішінде, білім беру сапасын жақсартуға баса мән берілді. Ол үшін мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделуде. Осыған орай, Президент алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырды. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Сонымен қатар, бірыңғай тұрғын үй саясаты аясында тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру тапсырылды. Биыл Елбасының бастамасы бойынша 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен, пайыздық алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа «Бақытты Отбасы» бағдарламасы іске қосылатын болады. Бұл – өте тиімді жеңілдік.