Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Александр Викторович Затаевичтің- 150 жылдығына арналған концерт

29.09.2019
Александр Викторович Затаевичтің- 150 жылдығына арналған концерт
Биыл Қазақстандық белгілі музыка зерттеуші, этнограф, комппозитор Александр Затаевичтің 150 жылдығына орай елімізде бірталай шаралар жоспарланып, өтуде. Оның бірі 2019 жылдың 23 қыркүйек күні "Алатау" дәстүрлі өнер театрының сахнасында "Алатау" фольклорлық- этнографиялық ансамблінің қатысуымен дәстүрлі музыка концерті өтті. Мерекелік кешке қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейісов сынды әншілер мен қатар Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінің оқытушылары Талғат Әбуғазин, Шолпан Даржанова, Жанаргул Саркеновада ат салысты.