Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Тіл мәртебесін асқақтата берейік!

29.09.2019
Қазақстан халықтарының тілдері күні
22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі аясында Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде "Әлеуметтік гуманитарлық" пән бірлестіктер комиссиясының меңгерушісі Сағиева Роза Молдағалиқызының басшылығымен апталық өтті. Апталықта орыс тілі пәнінің оқытушысы С.Р.Жақанова «Язык – общения будущего» атты «Эстада аспап», «Халық аспап», «Би өнері» және «Цирк өнері» мамандықтарының 1 курс студенттерімен әдеби музыкалық кеш өткізді. Кешке студенттер белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде қазақ ойшылдарының тіл туралы айтқан ой-пікірлерін жатқа айтып, өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар өлең оқып, ән шырқап, би билеп, тілге байланысты мақал-мәтелдерді үш тілде айтып, қойылым қойды. Өткізілген іс-шара әр тілдің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйретіп, сөздік қорларын молайтып, өнерге баулиды. Б. Момышұлы: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін білмейді. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарап, береке бірлігімізді арттыра берейік!