Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Колледж мақтанышы!!! Жумакан Аяулым- президенттік степендия иегері!

06.10.2019
Колледж мақтанышы!!! Жумакан Аяулым- президенттік степендия иегері!
Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының студенттік стипендиясына арналған республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды. Биыл 350-ден астам өтінім арасынан конкурстық комиссия 80 жеңімпазды таңдады. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжі атынан конкурсқа "Халық әнші және аспап" ПБК- ның 4 курс студенті Жумакан Аяулым ұсынылып, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаты» мәртебесіне лайықты деп танылды. Сонымен, қатар арнайы шәкіртақыға ие болды. Аяулымның үлгерімі жоғары көрсеткішке ие, студенттер мен оқытушылар арасында беделі жоғары, сонымен қатар оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысады. Біз Аяулымның болашағынан үлкен үміт күтеміз. Аяулымды тәрбиелеген ата-анасына, білім берген ұстаздарына үлкен алғысымызды білдіреміз! Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінде әртүрлі мамандықтар бойынша білімге, ғылымға, өнерге ұмтылған жастар өте көп оқиды. Олардың қатары биылғы мектеп түлектерімен толығатынын білеміз және олардың арасынан талай өнер майталмандары шығатынына біз толықтай сенімдіміз.