Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Колледждің 55 жылдық қарсаңына ұйымдастырылған концерт

10.10.2019
Колледждің 55 жылдық қарсаңына ұйымдастырылған концерт
2019 жылдың 10 қазанында Медеу әкімшілігінің қолдауымен колледжіміздің 55 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылған концерттік- шоу кеші өтті. Мерекелік кеш елімізге белгілі эстрада жұлдыздарымен қатар, колледж түлектерінің қатысуымен өтті. Аталмыш концерт өз деңгейін тауып көрермен ықыласына бөленді. Жиналған қауым қарасы да залды біршама толтырып, жастардың дайындығы өз нәтижесін берді. Білім ордасының студенттері түп тамыры тереңде жатқан колледжіміздің айқын әрі жарқын болашақтың кемел көрінісі екенін дәлелдей түсті.