Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Құттықтаймыз!!!

16.11.2019
РЭЦК ансамбльінің жеңісі!!!
Б.Өтемұратов қорының қаржылық қолдауымен 2019 жылы 9-13 қараша аралығында II Б.Шукенов атындағы Республикалық байқау өтті. Қазылар алқасы құрамында Марко Пьеробон (труба, Италия) –халықаралық байқаулар лауреаты, Еуропаға танымал оркестрлердің жеке орындаушысы, Италиялық Yamaha фирмасының ресми әртісі; Фабрис Миллишер(тромбон, Франция) – Париж Жоғарғы консерваториясының түлегі, ARD халықаралық музыкалық байқауының және академиялық музыка салысындағы Victoires de la musique сыйлығының иегері, Еуропаға танымал оркестрлердің жеке орындаушысы; Феликс Клизер (валторна, Германия) – әлемге әйгілі музыкант, ECHO Klassik және Леонард Бернстайн сыйлығының иегері, Еуропалық оркестрлердің жеке орындаушысы; Илья Мелихов (ұрмалы аспап, Ресей) –халықаралық Musica Classica байқауының лауреаты, М. Плетневтың басқаруындағы Ресей ұлттық оркестрінің солисті, Гнесиндер атындағы РМА-ның ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті; Жания Аубакирова (Қазақстан) – ҚР халық әртісі, Болат Өтемұратов Қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі; сондай-ақ, Бауржан Шөкенов (Қазақстан) – қоғам қайраткері, Батырхан Шөкенов атындағы Қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Байқаудың бағдарламасы төрт күнге жоспарланған, конкурстық іріктеуден басқа ашылу және жабылу салтанатының концерттік бағдарламасын қамтыды. Алғашқы күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік Филормониясының Үлкен залының сахнасында байқауға қатысушылардың өнер көрсету тәртібі анықталды. Екінші айналымда, 10 және 11 қараша күндері қатысушылар жеке орындауда өнер көрсетті. Бұл кезеңнің алғышарттарының бірі - қазақстандық композиторлар шығармашылығынан орындау болды. «Джаз ансамблі» номинациясының екінші айналымы 12 қарашада өтіп, колледж «Эстрада аспап» ПБК- ң 2 және 3 курс студенттерінен құрылған ансамбль ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Құттықтаймыз! Барлық жеңімпаздарға алдағы жаңа істеріне сәттілік тілейміз!