Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

«Студенттер қатарына қабылдау» кеші өтті

23.11.2019
1 курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау-2019» мерекелік кеші өтті.
Білім мен өнердің қазыналы қарашаңырағы Ж. Елебеков атындағы РЭЦК табалдырығын биыл аттаған 1 курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы салтанатты түрде аталып өтілді. Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген 1 курс студенттері бүгіннен бастап өмір кітабының «студенттік кезең» атты ақ парақтарын безендіретін болады.Биыл оқу орны үшін ерекше жыл. Себебі колледж табалдырығын алғаш аттап отырған студенттердің қадамы білім ордасының 55 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.Кеш кезінде 1 курс студенттеріне арнап ән айтылып, әзілдер қойылып, қызықты ойындар ойнатылды. Директордың оқу ісі және оқу- әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары Гулзира Тұрсынқызы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерді құттықтады. Іс-шара бірінші курс студенттеріне өздерін көрсетуге, жаңа достар табуға, курстастарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.