Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Колледж студеннті халықаралық «Bella Voce» конкурсының дипломанты атанды.

25.11.2019
Колледж студеннті халықаралық «Bella Voce» конкурсының дипломанты атанды.
10-16 қараша аралығында Москва қаласында өткен "Bella voce" Лидия Абрамова атындағы XXIII Халықаралық студенттер арасындағы вокалистер конкурсында "Жеке əн салу" 3-курс студенті Раис Данияр дипломант атанып, халық әндерін шебер орындағаны үшін арнаулы жүлдеге ие болды. 2008 жылдан бері «Bella voce» байқауы Еуропадағы студенттік музыкалық конкурстардың рейтингінде ең жоғарғы деңгейдегі байқаудың бірегейі болып танылып отыр. Байқауға алыс -жақын шетелдерден 1500-ден астам студенттер қатысты: Алжир, Армения, Беларусь, Венгрия, Грузия, Қазақстан, Камбоджа, Қытай, Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, Латвия, Мальта, Молдова, Моңғолия, АҚШ және Өзбекстан , Украина және Черногория мемлекеттерінен қатысушылар келді. Қазіргі уақытта көптеген "Bella voce" қатысушылары опера және камералық әншілері арасында «ХХІ ғасырдың жұлдыздары» деп атанып жүр . Даниярды жеңісімен құттықтай отыра, шығармашылық табыс, алға қойған мақсаттарына жетуде шалқар шабыт тілейміз!!! Байқау жастар үшін қызықты: бұл жаңа шығармашылық серпін мен жемісті кәсіби байланыстар көзі болып отыр.