Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

РЭЦК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай құрмет грамоталары мен алғыс хаттар салтанатты түрде тапсырылды

13.12.2019
РЭЦК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай құрмет грамоталары мен алғыс хаттар салтанатты түрде тапсырылды
Колледжімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті. Меркенің қарсаңында РЭЦК қызметкерлері мен оқытушылары марапаттарға ие болды. Салтанатты жиында Ж.Елебеков атындағы РЭЦК директоры Кадыров Мырзахан Қожаханұлы оқытушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, мәдениет саласының дамуына сіңірген еңбегі үшін "Цирк өнері" ПБК- ң жоғарғы санатты оқытушылары Кожевников Владимор Павлович және Исабеков Омирбек Тазабековичті, "Міндетті фортопиано" ПБК- ң оқытушысы Құндақбаева Кулипа Бағытбекқызын «Қазақстан Республикасының "Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Осы орайда, бірқатар оқытушылар Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінен Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды, олар: Канлыбаев М.Д., Ермек Д., Абугазин Т.К., Бегманова С.М., Нысанбаев С.А. Одан өзге, колледж оқытушыларыда колледж дамуына қосқан үлесі үшін және мінсіз қызметі үшін колледж директорының Алғыс хаттарымен марапатталды. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!!!