Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

"Ағажай- Алтай" атты әндер жинағының тұсау кесер кеші өтті

23.02.2020
"Ағажай- Алтай" атты әндер жинағының тұсау кесер кеші өтті
Көптен күткен Мұрат Әбуғазы және Талғат Әбуғазының Алтай-Тарбағатай əндері "Ағажай-Алтай" атты оқу құралы болып жарыққа шықты.Осыған орай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Т.Жургенов атындағы өнер академиясы, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжі және "Ғылым ордасы" РМК бірлесіп ұйымдастыруымен "Ағажай- Алтай" атты ән- күй кеші өтті. Тұсаукесер кешкте қазақ ән өнерінің сал - серілер мұрасының маржандары орындалды. Ел ішінде сирек орындалатын әндер Рамазан Стамгазиев, Нұржан Жанпейсов, Шолпан Даржанова сынды дәстүрлі ән жанашырларының көмейінде тұңғыш рет шырқалды. Бұл жинақ кəсіби əншілерге,жоғарғы жəне орта музыкалық оқу орындарының студенттеріне, сонымен қатар жалпы өнер сүйер қауымға арналады.