Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

"Эстрада аспап" ПБК студенттерінің "Жаңа тыныс- 2020" атты есеп беру концерті

23.02.2020
"Эстрада аспап" ПБК студенттерінің "Жаңа тыныс- 2020" атты есеп беру концерті
2019-2020 оқу жылының 20 ақпан күні колледжімізде "Эстрада аспап" ПБК студенттерінің "Жаңа тыныс- 2020" атты есеп беру концерті өтті. Концертте колледж қабырғасында үйренген тамаша өнерлерін ортаға салып, жыл бойы жинаған жетістіктерімен бөлісті. Қатысушылар арасында 2019-2020 жылы 1 курсқа қабылданған студенттерде өз өнерлерін көрермендерге тарту етті. Колледжіміздің аға оқытушысы, дирижер, композитор Нұрлан Байкозовтың басшылығымен колледж ансамбльі өз нерлерін көрсетті. Мерекелік кешке Директордың міндетін уақытша атқарушы Ешмуханов Мухаммет Ашхатұлыда қатысып, жас өнерпаздардың өнеріне тәнті болды. Шығармашылық қадамдарына сәттілік тіледі.«Эстрада аспап» ПБК- ң студенттерінің болашағы жарқын, ертеңі кемел!