Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

«MISS РЭЦК– 2020» байқауы өтті

27.02.2020
«MISS РЭЦК– 2020» байқауы өтті
Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі 55 жылдық мерей той қарсаңында Жастар ісі комитетінің ұйымдастыруымен қыздар арасында «MISS РЭЦК – 2020» байқауының ақтық сайысы өтті. Ақтық сайыс алдында іріктеу кезеңі болып, оған колледжіміздің әр бөлімнен 6 аруы қатысып, өз білімдерін, шеберліктерін көрсетіп, салт-дәстүріне байланысты сұрақтарына жауап берді. Байқауға «Актерлік өнер» ПБк- ң 1 курс студенті Қалияс Мерей, «Цирк өнері» ПБК- ң 3 курс студенті Сайпишева Арайлым, Халық әні және аспаптар» ПБК-ң 1 курс студенті Әбілтай Аружан, «Жеке ән салу» ПБК- ң 2 курс студенті Айткалиева Лаура, «Хореография өнері» ПБК- ң 1 курс Кеңес Аружан, «Эстрадалық ән салу» ПБК- ң 1 курс студенті Джумабаева Мадина сынды арулар қатысты. Байқау шарттары бойынша аруларымыз 4 кезең арқылы сынаққа түсті. 1 кезең- «Колледж өмірінен 1 күн»тақырыбындағы видеоролик дайындау. 2 кезең- Өз өнері. 3 кезең- Сән үлгісі.Бұл кезеңнің ерекшелігі, сән үлгі 3 түрлі стильде көрсетілетін болады. 4 кезең- Сұрақ-жауап.Қатысушы аруларға өз мамандықтар туралы,салт-дәстүрлерден қойылады. Бұл колледж аруларын анықтау үшін, нағыз қазақ қызына тән мінез-құлық танытып, біліктілігімен шеберлігімен ерекшеленіп тұрғандарды анықтау үшін ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын сырттан шақыруды жөн санапты. Әділқазылар құрамында колледж директоры Қадыров Мырзахан Қожаханұлы мен бірге Республикалық жоғары медициналық колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, саясаттанушы Жанысбай Талғат Сағатұлы және Сән әлемінің үздік өкілі, жеке кәсіпкер, тренер, «Assetovna_beauty» сән салонының директоры Әйгерім Әсетқызы болды. Байқау қорытындысы бойынша «Эстрадалық ән салу» ПБК- ң 1 курс студенті Джумабаева Мадина «MISS РЭЦК – 2020» жеңімпаз атанды.