Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

«Құдіретті жырдың құндағында» атты көркемсөз оқулары байқауы өтті

27.02.2020
«Құдіретті жырдың құндағында» атты көркемсөз оқулары байқауы өтті
Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізілген "Құдіретті жырдың құндағында» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен ақынның өлеңдерін оқудан Республикалық ән және көркемсөз оқулары байқауы өтті. Байқауға үміткерлер бес жанр бойынша өз бақтарын сынады. Олар: эстрадалық вокал, вокалды топтар, дәстүрлі ән, көркем сөз, театрландырылған қойылым (поэмаларынан көріністер). Байқауда талантты балаларды анықтау, төрелік ету Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада - цирк колледжінің оқытушылары Утебаева Майса Омарбекқызы мен Садыбеков Нұржан Әзіретұлы және Амиров Мәулен қатысушылар дайындығына баға берді. Жеңімпаздар марапат қағаздарымен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.