Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Батуми қаласындағы колледж студенттерінің жеңісі

03.03.2020
Батуми қаласындағы колледж студенттерінің жеңісі
ІІ Халықаралық музыкалық конкурс 22 - 29 ақпан аралықтарында Батуми қаласында (Грузия) "Silk Way" атты байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауға колледж атынан "Жеке ән салу" ПБК- ң 1, 3 курс студенттері Холназаров Зиёдулла Маратұлы және Насипов Нурбол Еркинбекулы өз бақтарын сынап, 3 орын иеленді. Әрине, бұл біздің колледжіміз үшін үлкен жетістік.Себебі, халықаралық деңгейде өз дайындықтарының деңгейін сынау, ол үлкен жұмыс. Нұрбол мен Зиёдулла өз групаластарымен байқаудан алған әсерлерімен бөлісті. Ең біріншіден өз ұстаздары Сапарова Шахризада мен Тұрманова Бақыт апайларына, сонымен қатар қолдаушы групаластарына алғыстарын білдірді. Жеңімпаздарды байқауда иеленген жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар, сәттілік тілейміз!!!