Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Колледж оқытушылары үшін семинар өткізілді

04.03.2020
Колледж оқытушылары үшін семинар өткізілді
Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясының негізгі құрамдастарымен, оқу-жоспарлау құжаттамаларымен, студенттің рейтингтік көрсеткішін қалыптастыру тәртібімен танысу мақсатында 2020 жылдың 3 наурыз күні колледж әдіскері Омарова Гулмира Төлеубекқызы колледж оқытушылар үшін "Инновациялық білім беру жағдайында кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізу" тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: ТжКББ жүйесіне модульдік-кредиттік технологияны және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша критериалды бағалауды енгізу.Семинар аясында бөлімдер және семестрлерді қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тиімді жолдарын енгізу бойынша тренингтер өткізілді.Колледжінің оқытушылары семинар жұмысына белсене қатысты. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде өткенін және өзектілігін атап өтті.