Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

"Өнерлі өрен" байқауының жеңімпаздары анықталды

23.04.2020
"Өнерлі өрен" байқауының жеңімпаздары анықталды
Сəлем, достар! Назарларыңызға Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Өнерлі өрен" онлайн байқауының кезекті жеңімпаздары анықталды. Көркемсөз оқу жанры бойынша үлкен топтағы дарынды балалардың өнеріне Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделханұлы қазылық етіп, жүзден жүйрік мықтыны анықтады. Байқау талаптарына сай жүлделі орын алған өнерпаздар лайк саны бойынша белгілі болды. "Өнерлі өрен" байқауының "Көркемсөз оқу" жанры,(үлкен топ, алғашқы ондықтың) колледжімізден "Актерлік өнер" ПБК 1,2 курс студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жеңімпаздар тізімінің алдынғы қатарларында Бас жүлде иегері Алина СҚАҚОВА қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіске жетті. 1 курс студентіƏсем ЕСТЕЛІК әлеуметтік желіде 165 лайк жинап, екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, Дастан СҰЛТАН әлеуметтік желіде 133 лайк жинап, үшінші орынды қанжығалады. Оқытушысы "Актерлік өнер" ПБК- ң төрайымы Малимова Асия Несіпбайқызы. Сонымен қатар, бұл топта колледжіміздің атынан Дана ДҮЙСЕНҒАЛИ , Рамазан АЙТЖАНОВ , Олжас АРАПБЕК қатысты. Республикалықдеңгейдегі байқауды бағындырып келген жеңімпаздарымызды жүлделерімен құттықтап, өмірдегі алар асуларының биік болуына тілектестік білдіреміз.