Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 7 мамыр

05.05.2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 7 мамыр
Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ұйымдастыруымен 2020 жылдың 26 – 29 сәуір аралығында Ұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған III Халықаралық «Жас-Art 2020» колледж студенттерінің арасындағы қашықтықтағы театр фестивалі өтті. Фестиваль Республикалық деңгейде ұйымдастырылды.Қатысушылар қатарында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі (Тараз қаласы), Ақан Сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет коледжінің «EL_jastar» экспериментік лабораториялық жастар театры (Көкшетау қаласы), сонымен қатар ұйымдастырушы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледж (Алматы қаласы) студенттері де болды. Бұл байқауда «Актерлік өнер» ПБК студенттері колледж қоржынына бірнеше олжалы орындар әкелді. Атап айтсақ, Фестиваль қорытындысында «Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқу» номинациясы бойынша «Абайдың – 41 қарасөзін» үздік оқыған «Актерлік өнер» ПБК 2 курс студенті- 1 орынға Бодаубек Айкүн ие болды. Дәл осы номинация үшін «Актерлік өнер» ПБК «Актерлік өнер» ПБК 1 курс Жусипова Ақерке 3 орынға ие болды. «Спектакль» номинациясы бойынша колледжіміздің 2 курс студенттері Р.Киплинг «Маугли» шығармасымен байқауға түсіп, 1 орынды иеленді. Осы номинация негізінде «Үздік актер» мен «Үздік актриса» анықталды. Бұл үздіктер қатарында да 2 курс студенттері Турениязов Асқар - Шерхан ролінде, ал Багира ролінде - Мажит- қызы Айдана жеңіп алды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, өнердің талай биіктерінен көрінуіне шын жүректен тілектеспіз! Осынау өнер додасына дайындаған, орындаушылық шеберлігін шыңдаған колледж ұстаздары әрі жетекшілері Малимова Асия Несіпбайқызы мен Cадыбеков Нуржан Азретовичке шексіз алғысымызды білдіреміз.