Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Конституция

29.08.2020
Құрметті әріптестер, студенттер, ардагерлер! Сіздерді мемлекетіміз үшін айтулы мерейтойлық күн – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті әріптестер, студенттер, ардагерлер! Сіздерді мемлекетіміз үшін айтулы мерейтойлық күн – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік мереке – Конституция күні 1995 жылғы 30 тамызда өткен жалпыұлттық референдумнан бастау алады. Содан бері біз Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыруға деген ұмтылысын көрсететін, ең жоғары құндылықтары адам болып табылатын елдің Негізгі заңы аясында өмір сүріп келеміз. Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, жеке өзі және отбасы үшін де маңыздылығын терең түсінеді, өйткені құжат әрбір азаматтың бостандығы мен құқығына кепілдік береді. Негізгі Заңның ережелеріне сүйене отырып, біз оқытушыларымыз бен студенттеріміздің шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға, адамдардың әл-ауқатын арттыруға тырысудамыз. Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бірлік және Тұрақтылық жылдан-жылға нығая