Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Хореография өнері

«Хореография өнері» пән бірлестік комиссиясына талапкерлер 1965 жылдан бастап қабылдануда. Бөлім үш жылдық оқыту бағдарламасымен «Би ансамблі әртісі» мамандарын даярлап шығарады.

Бұл бөлім студенттері түрлі бағыттағы би өнерін толық меңгеріп шығады. Атап айтқанда, классикалық би,қазақ халқының биі, қазіргі заман биі, түрлі халықтардың ұлттық биі, сондай-ақ, шығыс биі.Колледж студенттерінің күшімен құрылған «Тұмар» би тобы еліміздің түрлі аймақтарында  ұйымдастырылатын концерттер мен мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып, тәжірибелерін ұштайды.

Бөлім тәжірибе жинақтау мақсатымен А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография колледжімен, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен, «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетімен шығармашылық әріптестік орнатқан.

Хореография пән бірлестік комиссиясының тұңғыш түлектері 1967 жылы құрылған мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің алғашқы тобы. Бүгінде «Хореография өнері» пән бірлестік комиссиясынан білім алып шыққан бишілер республикалық би ұжымдарының құрамын толықтыруда.

Бөлім түлектері –Қазақстанның Халық артисі, Еңбек сіңірген артисі деген мәртебелі атақтарға ие – Г.Талпақова, Ү.Мақанов, Т.Ізім, Г.Саитова, А.Омарбекова,А.Топаева,Ж.Сақиевасынды сахна саңлақтары.

Бөлімнің 2013 жылғы түлегі А.В.Елеусизова Үндістанда оқуын жалғастыруда. Бөлім студенттері 2010ж. «Шабыт» фестивалінде 2 орынды иеленсе, 2012ж. Түркияда VIII Халықаралық түрік көшпелілер мәдениеті фестивалінен, II Халықаралық «Өрлеу» фестивалінен, IX Ұлттық Дельфий ойындарына қатысып, жүлдемен оралды. 2018ж. қазақтың алғашқы кәсіби бишісі, педагогі Дәурен Абировтың 95 – жылдығына арналған республикалық «Үкілі биші» байқауының 1 орын иегері.

Қазіргі кезде хореография пән бірлестік комиссиясын халықаралық конкурстардың лауреаты Ғали Айдана Қазбекқызы басқарады. Жоғары білікті мамандарды дайындауда өз ісінің шеберлері: Қаржаубаев А.М, Изекенова Ұ.Н, Қабылбай Р.Б, Розахунов А.Қ, Аймахан А.Қ. және концертмейстерлер – Митронин Ю.А, Азубаев Қ.М.