Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Кадыров Мырзахан Кожаханович

 

 

 

 

 

 

 

 

Кадыров Мырзахан Кожаханович

   Мырзахан Кожаханович Кадыров - Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінің директоры, қоғам қайраткері, көптеген республикалық конкурстардың қазылар алқасының мүшесі. Өнерлі жастарға озық білім өнегелі тәрбие беріп, жастар игілігі үшін атқарған белсенді қоғамдық қызметтері үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

   1962 жылы 15 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Бірлік ауылында дүниеге келді. 

   1970 - 1981 жылдар аралығында Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында білім алды.

   2017 жылы қазақ қатынас жолдары университетінің «Экономика» мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.

   2018 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Режиссура» /кино және ТВ режиссурасы/ мамандығы бойынша өнер магистрі дәрежесі берілді.

   13.06.1985 – 09.04.1986 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрінде контрабас тобының оркестр артисі қызметін атқарды.

   07.04.1986-09.02.1998 жылдар аралығында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында мемлекеттік симфониялық оркестрінде контрабас тобының артисі қызметін атқарды.

   09.03.1998 - 05.04.2010 жылдар аралығында Республикалық Гвардия В/4 0111 әскери бөлімінде Президенттік оркестрінің сүйемелдеуші қызметін атқарды.

   04.05.2010-10.01.2011 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында ғимаратты пайдалану бойынша инженер болып жұмыс істеді.

   10.01.2011 – 07.02.2014 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

   07.02.2014 – 31.08.2016 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында шаруашылық бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

   01.09.2016 – 12.06.2017 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

   13.06.2017 – 21.02.2019 жылдар аралығында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында директор болып жұмыс істеді.

   2019 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінің директор лауазымында жұмыс істейді.