Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Эстрадалық аспаптар

«Эстрадалық аспаптар» бөлімі 1974 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі шешімімен "Эстрадалық студия" базасында 2 жылдық оқу орны ретінде ашылып, акустикалық гитара, электрлі гитара, бас гитара, ұрмалы аспап, фортепиано сыныптары бойынша студенттерді қабылдады.

1992 жылы «Эстрадалық аспап» бөлімі 3 жылдық оқу мерзіміне көшірілді және қосымша труба, саксофон, тромбон сыныптары ашылды. 2013 оқу жылынан бастап бөлім 4 жылдық білім беру бағдарламасына көшірілді. Бөлім эстрадалық аспаптар оркестрінің әртістерін, эстрада ансамблінің жетекшілерін және музыка мектебінің оқытушысын даярлап шығарады. Бөлімнің алғашқы ұстаздары: В. Люберцев – электрлі гитара, М. Ищанов - бас-гитара, Т. Ибрагимов – ұрмалы аспаптар, Л. Липлавк - арнайы фортепиано. "Эстрадалық аспаптар" бөлімін басқарған ұстаздар:

1974 - 2010 жж. – В.В.Люберцев.

2010 - 2013жж. - В.Н.Корбань.

2013ж. – 2015 жж. - ҚР Еңбек сіңірген әртісі А.С. Каньшин.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е.А.Абишев.

Қазіргі таңда “эстрадалық аспаптар” бөлімінде ҚР Мәдениет қайраткері Н.Ж. Байкөзов (эл.гитара, Оркестр сыныбы), В.М.Баннов (труба), ҚР Мәдениет қайраткері К.М. Ахметов (ұрмалы аспаптар), Қ.Ж. Ильясов (бас гитара), Э.Н.Саршаев (саксофон),В.Э.Тельман (арнайы фортепиано), Е.В.Батраева (акустикалық гитара), А.А.Кальт (тромбон), З.Р.Акимбаева (жалпы фортепиано), В.Г.Грязнов (сүйемелдеуші), С.А.Нысанбаев (дирижерлау), Ж.Е.Интыкбаева (джазды импровизация) тәрізді кәсіби мамандар дәріс береді.

2001 жылы колледж ұстаздары мен студенттерінен құрылған ансамбль Нью - Йорк қаласына халықаралық Джаз қауымдастығының шақыртуымен барып, Халықаралық джаз ұйымының сертификатымен марапатталды.

2014 - 2015 жж. колледж студенттері - А. Айтмағанбетов (электрлі гитара), ұстазы Н. Байкөзов; Н. Әділхан (ұрмалы аспап және маримба), ұстазы К. Ахметов; В. Ломейко (саксофон) ұстазы Т. Першина; А. Маденғали (труба) ұстазы К. Логвинов - жас орындаушылардың республикалық конкурстарына қатысып алдыңғы орындарды иеленді.

2018 жылы С.Ахметов Республикалық жас орындаушылардың конкурсында I орынға ие болды(электрогитара) ұстазы Н.Байкөзов.

2018 жылы В.Ломейко Республикалық жас орындаушылардың конкурсында IІ орынға ие болды (саксофон) ұстазы Э.Саршаев.