Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Кiтапхана

Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінің
кітапханасы 2006 жылы ашылды.
Кітапхана  Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінің
білім беру үрдісінің негізгі мақсаты бойынша,яғни,- жан-жақты білімді, қоғам үдесінен шығатын, заман талабына сай қалыптасып кеменденуге барынша қабілетті маман иелерін даярлау тұрғысында жұмыс атқарады.
Кітапханада өтетін түрлі ауқымдағы іс-шаралар: көрмелер, кездесулер т.б.,осы жолға бағытталған.

Кітапхана қорында  15125 дана кітап сақтаулы. Оның ішінде арнайы пән оқулықтары, ғылыми еңбектер, көркем әдебиеттер бар.Кітаптың 8653 данасы мемлекеттік тілде, 6345 данасы орыс тілінде,электронды оқулықтар 127дананы құрайды. Сонымен қатар маман- педагогтардың әдістемелік кітаптары кітапхана сөресінен орын алған.Кітапханада мерзімді газет-журналдар тігінделіп қатталған. Газет- журналдарға жазылу жүйелі жүргізіледі.