Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Әлеуметтік - гуманитарлық бөлім

1965 ж. шаңырақ көтерген эстрадалық студияның құрамында саяси-қоғамдық пәндерді оқыту еңгізіліп,студенттерге «КПСС тарихы», «Маркстік-Лениндік эстетика», «Орыс тілі», «Француз тілі» пәндері оқытыла бастады.
1980ж. екінші жартысынан бастап КСРО да саяси жүйені демократияландыруға байланысты «Саясаттану және әлеуметтану негіздері», «Мәдениеттану», «Экономика негіздері», «Құқұқ негіздері» пәндері оқу бағдарламасына енгізілді
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін «Қазақстан тарихы», «Кәсіби қазақ тілі», «Кәсіби шет тілі», «Мемлекеттік тілде іс қағазын жүргізу» т.б. пәндер оқытыла басталды.
2011-2012 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер колледж қабырғасында оқытылады.
ПБК оқытушылары  колледждің барлық пәндік бірлестіктерінің 1-4 курстарында  «Жалпы білім беретін пәндер»-17, «Жалпы гуманитарлық пәндер»-4, «Әлеуметтік экономикалық пәндер »-5 бойынша ( барлығы 26 пән) дәріс жүргізеді.

    Әлеуметтік-гуманитарлық  ПБК  оқытушылары туралы мәліметтер:
1. Сағиева Роза Молдағалиқызы – жоғарғы санатты оқытушы,ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.
29 желтоқсан 1955ж. Батыс Қазақстан обл Шыңғырлау ауданы  Шелек селосында өмірге келген.
Білімі жоғары. 1974-1979жж. Қарағанды мемлекеттік университетінің  тарих факультетінде оқыған. Мамандығы тарихшы. Тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы.
1985,1991,1997 жылдары  ҚР. Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында ізденуші- ғылыми зерттеуші дәрежесінде 1 жылдық тәжірибе жинақтаудан үш рет өткен. Профессор Х.Арғынбаевтың жетекшілігімен кешенді  «Қазақстандағы этносаяси үрдістер» зерттеу тақырыбына қатынасып, «Қазақстанның батыс өңірлеріндегі этносаяси үрдістер» тақырыбына кандидаттық диссертацияға материялдар жинақтады.
1985-1986,1992,1998 жж. Әль Фараби атындағы Қазақ МУ жаныңдағы жоғарғы оқу орындарының  қоғамдық пәндер оқытушыларының біліктілігін арттыру институтында оқыған.
Саясаттану және саяси тарих пәндерінен арнайы курстардан өтіп,саясаттану пәні оқытушысы куәлігі мен сертификатын алған.
2005ж бастап Ж.Елебеков атындағы РЭЦК-інің  әлеуметтік-гуманитарлық бөлімінде оқытушы,2009ж. бастап бөлім меңгерушісі қызметің атқаруда.
Жакакова Анар Садыркуловна –ағылшын тілі пәні оқытушысы
Бегманова Сәуле Мырзатайқызы –қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы
Сарсекова Клара Амангелдіқызы- биология және химия пәндері оқытушысы

Жаканова Сайраш Рымғалиқызы- орыс тілі және орыс әдебиеті пәні оқытушысы