Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Жеке ән салу

         Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінің «Жеке ән салу» пән бірлестігі комиссиясы тарихы 1965 жылдан басталады. Ол кезеңде, студияда оқу екі жыл және төрт ПБК тұратын: цирк, би, көркем сөз шебері және ән салу.

1994 жылдан бастап,училище статусын алған соң, кейбір структуралық өзгерістерге байланысты – «Жеке ән салу» ПБК ашылып, оқу мерзімі үш жылға созылды. Бұл ПБК қызмет етуге Абай атындағы МАОБТ –ның ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Шакыржан Буркутбаева, Абай атындағы МАОБТ –ның жүргізуші жеке әншілерімен сүйемелдеушілер - ҚР-ның халық артистері Бақыт Әшімова және Ғафиз Есімов, еңбек сіңірген артистері Бақытжан Сқақов және Қанат Құлымжанов, ҚР-ның  мәдениет қайраткерлері Қарлыға Құсаинова және Қайрат Магавин, доценттер Болат Кенжебаев және Нават Максутовқызы Темірхановалар шақырылды.

ПБК бастауында болған ардагерлерді құрметтеп, ұмытпаймыз - ҚР-ның халық артистері, профессорлары Каукен Кенжетаев және Бекен Жылысбаев, еңбек сіңірген артисі, профессор Надия Абдрахманқызы Шарипова, доценттер Болат Кенжебаев және Нават Максутқызы Темірхановалар.

ПБК негізгі рөлі мен мақсаты хор артисін - жүргізуші хор ұжымдарына бәсекелес талапты кадрларды дайындауда бекітілген. «Жеке ән салу» бөлімінде үлкен еңбек тәжірибесі бар ұстаздар және жас келешегі бар кадрлар еңбек етеді.

1995-1998 жылдар аралығында ПБК Қайрат Әмірұлы Магавин басқарған. Осы кезеңде оқытушылар Қ.Ә.Магавин және Ш.Қ.Буркутбаева 1-2-3 курстарға «Мамандық» және «Хор сыныбы» негізгі пәндерден бағдарламалар, талаптар  құрастырады.  2000-2006 жылдары ПБК төрайымы Қарлыға Әділханқызы Құсаинова- шығармашылық бағыт алуға оқу-тәрбиелік үрдісіне  көп жігерін жұмсаған тәжірибелі әнші және ұстаз. Оның жетекшілігімен «Мамандық» (автор – Қ.Ә.Құсаинова) және «Хор сыныбы» (автор-Ш.Қ.Буркутбаева) пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары құрастырылды. Ал, 2009 жылдан бастап осы күнге дейін ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Шакыржан  Қалауяқызы Буркутбаева бөлімді меңгереді.

Хормен жұмыс жасауда және мамандық бойынша ең маңыздысы қазақ, орыс және шетел классиктерінің, әсіресе Қазақстанның қазіргі заман композиторларының шығармаларын орындауға бағытталған – Қуат Шілдебаев, Әліби Әбдінұров, Серік Әбдінұров, Артық Тоқсанбаев, Серік Еркімбеков, Балнұр Қыдырбек, Бахтияр Аманжолов, Қошқарбек Тасбергенов және т.б.

«Жеке ән салу» ПБК колледждің қоғамдық және музыкалық іс-шараларына, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлделі орындарына ие болып, ғылыми-тәжірибелік семинарларға және шеберлік - кластарға үнемі белсенді қатысып отырады. Нәтижелі қызметтің арқасында оқушылар ҚР-ның және шет мемлекеттерінің жоғары оқу орындарына түсуі. Бүгінгі таңда  студияның алғашқы түлектері Қазақстанның құрметті де атақты артистері - ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Шахимардан Абилов; ҚР-ның еңбек сіңірген артистері – Қанат Құлымжанов, Бақытжан Сқақов, Қайырлы Ислямов; «АSTANA-OPERA» жеке әншісі Салтанат Муратбекова, Абай атындағы МАОБТ-ның жүргізуші хор артистері –Алмагүл Каканова, Бауыржан Есімханов, Серік Семізбаев, Гүлшат Досымбетова, Алия Шаймерденова; «АSTANA-OPERA» - Бақыт Жанахметова, Үміт Шегетаева, Медғат Махин; Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік каппела – Бақытжан Құрамысов, Қаламқас Қадырбаева және т.б.

«Мамандық» және «Хор сыныбы» негізгі пәндерден басқа студенттер актер шеберлігі, сахна тілі, вокал- орындаушылық өнер тарихы, грим, би, фортепиано, сольфеджио, музыкалық теория, гармония, хортану, музыкалық әдебиет және тағы басқа пәндерін үйренеді.

Қазіргі уақытта ПБК келесі оқытушылар жұмыс жасайды:

ҚР-ның халық артисі, профессор - Ғ.Қ.Есімов;  ҚР-ның мәдениет саласының үздігі, ПБК төрайымы - Л.А.Байжунусова, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері – Б.Н.Жомартов, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері – Б.К.Демеуов, ҚР-ның мәдениет саласының үздігі – Б.Т.Турманова, жоғары санатты оқытушы – Л.М.Жаумбаева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Ж.К.Аманова, Г.Ш.Жидилова, А.А.Красильникова; Респубикалық бауқаулардың лауреаты – Ш.Ә.Сапарова, жас оқытушылар – Е.Б.Исатай, Е.Е.Оразаев, Б.С.Мусина, А.Б.Бақытбекова; сүйемелдеуші – Л.Х.Сетеков.