Бізбен бірге болыңыз:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
РМҚК «Ж. Елебеков атындағы
Республикалық эстрада және цирк колледжі»

Қабылдау үшін құжаттар тізімі

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

● Өтініш (үлгі бойынша);

● Мінездеме;

● Білімі туралы құжаттың тұпнұсқасы (оригинал);

● Музыкалық білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (оригинал);

● Медициналық анықтама №086-У, №063 - екпе картасы;

● Хореография және цирк бөлімдеріне қосымша медициналық комиссия;

● Аты-жөні, берілген уақыты анық көрсетілген флюорографияның рентген суреті;

● 3*4 өлшемімен 6 сурет;

● Жеке тұлғаны растайтын құжат;

● ЖСН;

● ҰБТ, КТ сертификаты;

● Әскери есепке тіркеу туралы куәлік (ер бала үшін);

● Мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан анықтама);

● Психоневрологиялық диспансерден анықтама;

● «Ән салу» мамандығы бойынша фониатрдан анықтама.

Оқуға қабылдау емтихандары:

● (11 сынып)

1. Мамандық бойынша шығармашылық емтихандар;

2. Қазақстан тарихы (тест);

3. Қазақ тілі немесе орыс тілі (тест).

● (9 сынып)

1.Мамандық бойынша шығармашылық емтихандар;

2.Қазақ тілі немесе орыс тілі (тест)

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.06.2019 ж.-20.07.2019 ж. аралығы;

 

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі 09:00 - 18:00

Сейсенбі 09:00 - 18:00

Сәрсенбі 09:00 - 18:00

Бейсенбі 09:00 - 18:00

Жұма 09:00 - 18:00

Сенбі 09:00 - 15:00

 

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

Тайбекова Гульнара Манайбаевна

Телефон +7 (727) 2918303

+7 707 367 4940

 (сағ. 10:00 - 18:00 арасында байланыста)

rezk_65@mail.ru

 

«ЖЕКЕ ӘН САЛУ» ПБК

«Ән салу» мамандығы бойынша

040704 3 - «Хор әртісі»

Емтихан талаптары: 

1) Вокалдық дауыс қабілеті болуы шарт: дауыс ауқымы,көлемі, бояуы;

2) Сырт келбеті сахнаға сай болуы керек:түрі, бойы;

3) Музыкалық қабілеті жақсы деңгейде болуы шарт:есте сақтау, есту қабілеті, музыкалық ырғақты сезіне білу;

4) Екі түрлі ән орындауы қажет (баяу және жылдам ырғақта);

5) Жас ерекшелігі: 17-21 жас аралығы (11-сынып бітірген, орта білімі бар).

 

АКТЕР ӨНЕРІ» ПБК

«Актерлік өнер» мамандығы бойынша

040904 - (қазақ тобы)

Емтихан талаптары: 

1. Қазақ тілінде еркін, анық, таза сөйлей білетін (тіл мүкісі жоқ);

2. Әдеби шығармаларды көп оқығандығы(рухани байлығы, ой-өрісі);

3. Сырт келбеті сахна талғамына сай болуы (бойы,түрі);

4. Дене пластикасы, ырғақ және музыкалық қабілеті жақсы болуы;

5. Актерлік қабілетінің мүмкіндіктерін көрсете білуі:

   а) Қарасөзді жатқа айту (қазақ, орыс немесе шетел авторларының шығармаларынан үзінді оқу);

   ә) Этюд көрсету (жан-жануар, адам өмірінен алынған көріністер); 

   б) Мәнерлеп өлең, поэзиядан үзінді оқу;

   в) Мысал, әзіл-сықақ оқу;

   г) Ән салу қабілеті, би ырғақтары мен қозғалысқа икемділігі.

Жас ерекшелігі:

21 жасқа дейін

9-11 сыныптан кейін

 

«ХАЛЫҚ ӨНЕРІ» ПБК

«Ән салу» мамандығы бойынша

040702 3 - «Домбырамен халық әндерін орындау әртісі»

Емтихан талаптары:

Домбырамен ән салу мамандығы бойынша:

1. Қазақтың халық әндерін, халық композиторларының әндерін айта алатын, Арқа, Жетісу, Батыс Қазақстан дәстүрлі әншілік мектептерінен хабары болуы тиіс;

2.Дауыс диапазонын көрсете алатын, кең тынысты екі ән орындалуы шарт;

3.Домбыра, қобыз, сырнай аспаптарында өзін сүйемелдеп ән айта білуі керек;

4.Музыкалық есте сақтау, есту, ырғақты сезіну қабілеттері бар ерекше талапкер болуы тиіс;

5.Сымбатты да келбетті болуы шарт;

6.17-21 жас аралығы (11-сыныптан кейін)

 

«ХАЛЫҚ ӨНЕРІ» ПБК

«Аспаптық орындау» мамандығы бойынша

040403 3 – «Халық аспаптар оркестрінің әртісі»

Емтихан талаптары:

Балалар музыка мектебін бітірген талапкер болуы тиіс.

Домбыра аспабында ойнайтын күйшілік өнер мамандығы:

1. Музыкалық есте сақтау, есту, ырғақты сезіну қабілеттері ерекше талапкер болуы тиіс;

2. Бір төкпе күй, бір шертпе күй орындауы шарт;

3. Жас ерекшелігі: 9-шы сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.

Ескерту: Жетіген, сазсырнай, сыбызғы, баян, қылқобыз аспабында орындаушыларға да осындай талаптар қойылады.

 

«БИ ӨНЕРІ» ПБК

«Хореография өнері» мамандығы бойынша

040802 3 – би ансамблі әртісі

Емтихан талаптары.

1. Сахнаға сай сыртқы келбеті (Сымбатты да, келбетті болуы шарт. Бойы - 160 см-ден төмен болмау керек);

2. Кәсіптік деңгейі: аяқ алысы, аяқ қоюы, аяқ айналымы, секіру, иілу;

3. Музыкалық қабілеті: есту қабілеті, ырғақ, есте сақтау қабілеті;

4. Биге икемі;

5. Талапкердің орындауында:

   а) Қазақ биі (музыкасы флешкада) - ұзақтығы 1 мин. (мүмкіндігінше сахналық киімімен ).

   б) Таңдауы бойынша би (музыкасы флешкада) - ұзақтығы 1 мин. (мүмкіндігінше сахналық киімімен).

6. Жас ерекшелігі: 9-шы сыныптан кейін.

Барлық абитуриенттер міндетті түрде Ж.Елебеков атындағы РЭЦК бекіткен медициналық мекемеде қосымша медициналық тексеру өтуі керек.

 

«ЭСТРАДАЛЫҚ АСПАП» ПБК

«Аспапта орындау» мамандығы бойынша

040404 3 - «Эстрадалық аспаптар оркестрінің жетекшісі»

«Балалар музыка мектебінің оқытушысы»

Емтихан талаптары.

Балалар музыка мектебін бітірген талапкер болуы тиіс.

1. Электрогитара

Электрогитара мамандығына түсетін талапкер электрогитарада медиатордың көмегімен төменде берілген тапсырмаларды орындауы шарт:

1. Үш октава көлемінде үш кілттік белгіге дейін бір дауыстық гаммалар;

2. Әр түрлі техника әдістерін жаттықтыратын 1-2 этюд;

3. Стильдері әр түрлі 1-2 пьеса.

2. Акустикалық гитара

Акустикалық гитара мамандығына түсетін талапкер төменде берілген тапсырмаларды орындауы шарт:

1. Үш октава көлемінде үш кілттік белгіге дейін бір дауыстық гаммалар;

2. Әр түрлі техника әдістерін жаттықтыратын 1-2 этюд;

3. Стильдері әр түрлі 1-2 пьеса.

3. Бас гитара

Бас - гитарада саусақтармен орындау:

1. 2-3 октава көлемінде екі кілттік белгіге дейін гаммалар;

2. Әр түрлі техника әдістерін жаттықтыратын 1-2 этюд;

3. Стильдері әр түрлі 1-2 пьеса.

4. Фортепиано

Талапкер 7 сыныптық музыка мектебінің білімімен келуі шарт:

1. Үш кілттік белгілерге дейін гаммалар;

2. Күрделі форма (Соната I б., немесе II, III б.);

3.Әр түрлі стильде 2 эстрадалы-джаздық пьесалар.

5. Ұрмалы аспаптар

Талапкер көрсетілген музыка аспаптарының біреуін меңгеруі шарт (баян, аккордеон, кларнет т.б.)

1. Ұрмалы аспап құрылымында 1-2 жаттығу;

2.Ксилофонда 1-2 пьеса.

6.Саксофон

1. Екі кілттік белгіге дейін гаммаларды орындау;

2. Әр түрлі техника әдістерін жаттықтыратын 1-2 этюд;

3. Стильдері әр түрлі 1-2 пьеса.

7.Труба

1. Екі кілттік белгіге дейін гаммаларды орындау:

2. Әр түрлі техника әдістерін жаттықтыратын 1-2 этюд;

3. Стильдері әр түрлі 1-2 пьеса.

8. Тромбон

1. Екі кілттік белгіге дейін гаммаларды орындау:

2. Әр түрлі техника әдістерін жаттықтыратын 1-2 этюд;

3.Стильдері әр түрлі 1-2 пьеса.

 

«ЦИРК ӨНЕРІ» ПБК

«Цирк өнері» мамандығы бойынша

041001 3 - «Цирк әртісі» Емтихан талаптары.

«Цирк өнері» бөліміне қабылдау емтиханы 2 кезеңнен тұрады.

Жас ерекшелігі: 14-18 жас аралығы (18 жастан асқандар «Спорт шебері» атағымен);

Жалпы білім деңгейі бар талапкерлерде білімі туралы құжаттар болуы тиіс.

Сұхбаттасу:

Талапкердің жалпы мәдени деңгейі анықталады;

1 кезеңде:

● Денсаулығы туралы анықтама;

● Алған жарақаты болмауы;

● Тері ауруларының болмауы;

● Омыртқаның қисаюы(сколиоз) болмауы;

● Жүйке жүйесінің саулығы;

● Жүрек, өкпе, ішкі органдарының саулығы анықталады;

2 кезеңде талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктері анықталады.

● Сымбатты, келбетті, үйлесімді дене құрылысы; Кәсіби деректер:

● Пластика, шпагат, көпірше (мостик);

● Акробатика және көркем гимнастика бастауыш элементтерін иелену;

● Алға, артқа айнала білу, баспен тұру, рондад;

● Әуенді есту қабілеті болуы тиіс.

Барлық абитуриенттер міндетті түрде Ж.Елебеков атындағы РЭЦК бекіткен медициналық мекемеде қосымша медициналық тексеру өтуі керек.

 

«ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛ» ПБК

«Ән салу» мамандығы бойынша

040703 3 - «Эстрадалық әндер орындау әртісі»

Емтихан талаптары.

1. Талапкердің музыкалық есту қабілеті қалыптасқан, жағымды, анық, ашық дауысы, анық дикциясы болуы шарт;

2. Эстрада әртісіне тән сырт келбеті, бой өлшемі эстрада әртісіне қойылатын талаптарға сай: - қыздар үшін – 165 см-ден жоғары; - ұлдар үшін – 170 см-ден жоғары болуы шарт;

3. Музыкалық есте сақтау, есту қабілеттері, ырғақты сезіне білуі жоғары деңгейде болуы керек;

4. Талапкер фонограммамен(минус) алғашқы тыңдауда:

- Қазақтың халық әні;

- Эстрадалық ән(орыс тілінде);

- Әлемдік эстрада әншілерінің репертуарынан ән орындап беруі керек; (ағылшын, француз, итальян т.б.).

5. Талапкерлердің дикциясын тексеру мақсатында:

- Төрт жол өлең оқып беру;

- Жаңылтпаштар айту - 5 (бес);

- Мысал (басня) оқу. 

6. Жас ерекшелігі 17-22 жас аралығында, 11 – сынып бітірген, орта білімі - аттестаты бар талапкерлер қабылдана алады.