Бүгін Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі студенттеріне “АИТВ және оның алдын-алу шаралары” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Алматы қалалық ЖИТС-пен күресу орталығының дәрігері Үсенқұл Мадина Мешірқызы арнайы қатысып,
ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты мәселесі екенін, оның зиянды жақтарын айтып, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, студенттерді салауатты өмір сүріп, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайтындарын айтты.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Copyrights 2018. YG Logistics Theme. All Rights Reserved.
Theme By Drupal Developers Studio, A Division of Young Globes