ПЦК тарихы
Музыкалық - теориялық бөлім РЭЦК шаңырақ көтерген алғашқы жылдан дәріс жүргізіп келе жатқан күрделі де, маңызды құрылым.
Бөлім «Эстрадалық вокал», «Эстрада аспаптары», «Жеке ән салу», «Халық» бөлімдерінде «Музыка теориясы», «Гармония негіздері», «Сольфеджио», «Музыка әдебиеті», «Қазақ музыка әдебиеті», «Орыс музыка әдебиеті», «Шетел музыка әдебиеті», «Халық шығармашылығы» пәндерін оқытады. Әр бөлімнің ерекшелігіне сай профильдік пәндер жетілдіріп оқытылады. «Халық бөлімінде» қосымша «Этносольфеджио» пәні, «Эстрадалық вокал» мен «Эстрада аспаптары» бөлімдерінде «Кең тараған танымал музыка» пәні жүргізіледі.
Бөлім кабинеттері интерактивті тақтамен, анықтамалық стендтармен және фортепианомен жабдықталған.
«Сольфеджио» курсын оқу барысында студенттің музыкалық тыңдау және есте сақтау қабілеті дамиды. Студент музыкалық диктант жазуды үйренеді, берілген әуенді нотадан оқуға дағдыланады. «Сольфеджио» пәнін игеру мақсатында түрлі методикалық әдістер мен тәсілдер қолданылады.
Студенттердің кәсіби деңгейін көтеруде «Гармония негіздер» пәні оқытылады. «Гармония» курсы музыкалық ойлау қабілетін шыңдайды, шығарма заңдылықтарын талдап, оның табиғатын зерделеуге баулиды.
Сонымен қатар, колледж студенттері үш жыл көлемінде «Музыка әдебиеті» курсын оқып шығады.
1-курста «Қазақ музыка әдебиеті» мен «Халық шығармашылығы», 2-курста «Шетел музыка әдебиеті», 3-курста «Орыс музыка әдебиеті» пәндерін оқу барысында студенттер көптеген көрнекті композиторлардың шығармаларымен танысып, музыкалық ой - өрісін кеңейтеді.
Студенттердің кәсіби шеберлігін ұштау мақсатында «Музыкалық көктем» тақырыбына және өзге де тақырыптарға арналған викториналық жарыстар өткізіліп тұрады.
Студенттердің білім деңгейін көтеруде ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері, бөлім меңгерушісі А. О. Бүшікова, ҚР Композиторлар одағының мүшесі А. О. Бүшікова, өнертану ғылымдарының кандидаты Ж. А. Қазыбекова, тәжірибелі оқытушылар - Л. П. Прохорова, Е. В. Задериушко, Л. А. Байжунусова сынды тәлімгерлер аянбай еңбек етуде.