• Mail Us
  • Call Us

История ПЦК

Халық бөлімінде 1965 жылы  Қазақ ССР-інің халық әртісі,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиев – халық әні бойынша , Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, профессор Құбыш Мұхитов – домбыра пәні бойынша, Қазақ ССР-нің халық әртісі Фатима Балғаева – қобыз пәні бойынша дәріс берді.

1967 жылдан  Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жүсіпбек Елебеков «Арқаның дәстүрлі әншілік мектебінен» дәріс бере бастады.    Кейін ізін жалғастырған шәкірттері ҚР Халық әртісі Қайрат Байбосынов және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменов.

Батыс Қазақстан әншілік мектебі бойынша Ғарифолла Құрманғалиевтан кейін дәріс берген ұстаздар: Қалыбек Ақтаев, ҚР  Халық әртісі Қапаш Құлышева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қосанова Айгүл Шоданқызы.

Домбыра класы бойынша 1971 жылдан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Хабидолла Тастанов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақыт Қарабалина, шертпе күйдің шебері Қазақстанның халық артисі Мағауия  Хамзин ұстаздық етті. 1991 жылдан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші Қошқарбек Тасбергенов жалғастырды.

1995 жылы Жетісу әншілік мектебі класы ашылды. ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ержан Қосбармақов, Төрткен Кененқызы дәріс берді.
Қазіргі таңда  «Халық әні және аспаптар» пән бірлестігінде  «Дәстүрлі ән», «Домбыра», «Сыбызғы», «Сазсырнай», «Жетіген», «Шертер», «Баян»  мамандықтары бойынша оқытылады.

Арқа әншілік мектебі бойынша ҚР Еңбек сіңірген әртісі,«Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиев,  Өнертану ғылымдарының магистрі, ҚР Мәдениет саласының үздігі  Талғат Абуғазин, Республикалық конкурстардың лауреаты Абильдин Бекзат,

Батыс әншілік мектебі бойынша Халықаралық конкурстардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі, «Алаш ұстазы» медалінің иегері  Жанаргүл Сәркенова ұстаздық етеді.

Жетісу әншілік мектебі бойынша Халықаралық конкурстардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі Шолпан Даржанова білім береді.

ҚР Халық әртісі Дәнеш Рақышев әншілік класы бойынша ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейсов дәріс береді.

«Домбыра» класы бойынша ҚР Мәдениет қайраткері, доцент Мұрат Әбуғазы, Республикалық конкурстардың лауреаты Нұрлан Түменбаев, Өнертану ғылымдарының магистрі, халықаралық конкурстардың лауреаты Айсарбек Акияшев, «Сыбызғы» класы  бойынша «Құрмет» орденінің иегері, өнертану ғылымдарының кандидаты Талғат Мұқышев, «Сазсырнай» класы бойынша Республикалық конкурстардың лауреаты  Оспанова Балжан, «Жетіген» класы бойынша Халықаралық конкурстардың лауреаты  Тұрсынқызы Мөлдір, «Шертер» класы бойынша  Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Болат Әділбеков,  «Баян» аспабы бойынша ҚР Мәдениет қайраткері Сәбен Бәрібаев сынды өнер майталмандары дәріс жүргізеді.

ПЦК ОҚЫТУШЫЛАРЫ

Оспанова Балжан Бекенқызы

Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

Манасбаева Мақпал Ахметжанқызы

Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

Абуғазин Талғат Қазенұлы

ҚР мәдениет саласының үздігі

Ақбаева Нұршат Бақытбекқызы

Республикалық конкурстардың лауреаты

Даржанова Шолпан Жаркеткенқызы

ҚР мәдениет саласының үздігі

Әділ Мұхтар

Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

Джанпеисов Нұржан Қабимолдаевич

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Абильдин Бекзат Баянбекович

Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

Стамғазы Рамазан Өмірәліұлы

ҚР еңбек сіңірген әртісі

Адильбеков Болат Сайдахметұлы

ҚР мәдениет саласының үздігі

Барибаев Сабен Барибаевич

ПедагогҚР мәдениет қайраткері

Акияшев Айсарбек Сапарбекұлы

ПедагогХалықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

Мұқышев Талғат Кәріпжанұлы

ПедагогҚР мәдениет қайраткері

Туменбаев Нурлан

Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

Саркенова Жанаргүл Құттыбекқызы

ҚР мәдениет саласының үздігі

Тұрсынқызы Мөлдір

ПедагогХалықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

Ахметова Жадыра Асымханқызы

Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты