• Mail Us
  • Call Us

«Әлеуметтік – гуманитарлық» ПЦК-сінің тарихы

      Республикалық эстрада-цирк өнері студиясы 1965 жылы құрылғаннан бастап, сол кездегі білім беру саясатына сәйкес, саяси–қоғамдық пәндерді енгізілді, олар: «КПСС тарихы», «Маркстік-Лениндік эстетика», «Орыс тілі», «Француз тілі» т.б. пәндер оқытылды.

   1980 жылдың екінші жартысынан бастап КСРО да саяси жүйені демократияландыруға байланысты «Саясаттану және әлеуметтану негіздері», «Мәдениеттану», «Экономика негіздері», «Құқұқ негіздері» пәндер оқу бағдарламасына енгізілді.

   Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін «Қазақстан тарихы», «Кәсіби қазақ тілі», «Кәсіби шет тілі», «Мемлекеттік тілде іс қағазын жүргізу» т.б. пәндер колледж қабырғасында оқытыла басталды. 2011-2012 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер оқытылды.

     «Әлеуметтік –гуманитарлық» пәндік циклдық комиссия оқытушылары колледждің барлық ПЦК-ларының 1 - 4 курстарында «Жалпы білім беретін пәндер»-17, «Жалпы гуманитарлық пәндер» - 4, «Әлеуметтік экономикалық пәндер»-5 бойынша (барлығы 26 пән) дәріс жүргізеді.

     «Әлеуметтік-гуманитарлық» ПЦК-да 3 циклдік әдістемелік комиссиялар жұмыс атқарады:

  • 1. «Әлеуметтік-қоғамдық» пәндер жетекшісі – С.А.Бегалина
  • 2. Тілдік пәндер жетекшісі – А.С.Жакакова
  • 3. Жаратылыстану пәндері жетекшісі – К.А.Сарсекова
  • «Әлеуметтік-гуманитарлық» ПЦК мақсаты - білім алушылардың әлеуметтік-мәдени даму деңгейін көтеру.
  • «Әлеуметтік-гуманитарлық» ПЦК міндеті – қоғам қажеттіліктерімен мемлекет мүделеріне сәйкес бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіби сауаттылығы бар, сыни ойлай алатын білікті маман даярлау; -білім беру мен тәрбиелеу процесін инноватциялық технологиялар негізінде жүзеге асыру;
  • «Әлеуметтік-гуманитарлық» ПЦК оқытушылары туралы мәліметтер:
  • 1. Жакакова Анар Садыркуловна 1963 жылы 15 желтоқсанда Нарын облысы Тянь – Шань ауданы Қазан –Құйған ауылында дүниегеге келген. 1981-1986 жылдары Қырғыз қыз-келіндер педадгогикалық институтының шет тілдер бөлімін бітірген. Cанаты: жоғарғы. Жұмыс өтілі: 33 жыл.
  • 2013 жылдан бастап Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінде «Ағылшын тілі» пәнінің оқытушысы. “English in Music”, “English on Stage”, “Circus Book” оқулықтары және “Effective Methods of Teaching Pronunciation”, “Approaches and Procedures in Teaching Grammar” оқу-әдістемелік құралдарының авторы.
  • 2007-2012 жылдар аралығында «Бейбітшілік корпусы» ағылшын тілі мұғалімдерін жұмыс жасаған.
  • Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің, "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының, Медеу ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • 2. Бегманова Сауле Мырзантаевнабірінші санатты оқытушы, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Әлеуметтік-гуманитарлық» ПЦК у.м.а.төрағасы қызметін атқаруда.
  • 1987 жылы 18 қазанда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жаңа ауыл ауылында дүниеге келген. Біліміжоғары, 2005-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірген. Жұмыс өтілі – 12 жыл.
  • 2009 жылы Алматы қаласы, Бостандық ауданының әкімдігінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қызметкер болып қызмет етті.
  • 2010 жылдан бастап Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Кәсіби қазақ тілі» пәндерінің оқытушысы.
  • Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің, Медеу ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • 3. Сарсекова Клара Амангельдиевна 1974 жылы 21 мамырда ШҚО Үржар ауданында дүниеге келген. Білімі–жоғары, 1991-1996 жж Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика университетінің «Жаратылыстану» факультетіне оқыған. Мамандығы «Химия», «Биология» пәндерінің оқытушысы.
  • 1996-1998 жылдар аралығында Алматы қаласындағы № 141 мектепте мұғалім;
  • 1998-2001 жылдар аралығында 030800 зоология мамандығы бойынша Алматы Мемлекеттік Университетінде аспирант;
  • 2001-2010 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Зоология институтында кіші ғылыми қызметкер;
  • 2012-2013 жылдар аралығында №164 балабақшада тәрбиеші; 2014ж. Көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінде «Химия», «Биология» пәндерінен оқытушы;
  • 2014-2021 жылдан бері Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде «Химия», «Биология» пәндерінен оқытушы қызметтерін атқарды.
  • 2018-2020 оқу жылында ҚазҰПУ химия кафедрасында 6М011200 магистратураға түсіп, тәмәмдап шықты.
  • 4. Жаканова Сайраш Рымғалиевна–жоғары санатты оқытушы, "Қазақстанның құрметті педагогы" төсбелгісінің иегері.
  • 1972 жылы 2 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданының Баршатас ауылында дүниеге келген. Білімі–жоғары,1989 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім Құдайбердиев атындағы университетінің филология факультетіне оқуға қабылданып, 1997 жылы тәмамдаған.
  • Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған байқауда бас жүлдені иеленген. Орыс тілі пәнінен мұғалімдер олимпиадасына қатысып, жүлделі орындар иеленген.
  • 2012-2016 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие департаментінде бас маман болып және орыс тілі кафедрасында оқытушысы болып қызмет атқарған. Аталмыш оқу орнында тәрбие бағыты бойынша 52 кафедрадағы 500-ге жуық куратор-эдвайзерлерге басшылық еткен. «Үздік куратор-эдвайзер» байқауының ережесін құрастырған. Университетте осы байқаудың жылда тұрақты түрде жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан. Өз шығармашылығынан «Үздік куратор-эдвайзерге арнау» атты өлеңі және мақаласы «Айқын» газетінде жарық көрген.
  • 2014 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толуына орай университеттің дамуымен жоғары білікті мамандар даярлауға қосқан үлесі және еңбектегі жетістіктері үшін университет ректоры Ж.Әділов атынан мақтау қағазымен марапатталған. 2016 жылы «Үздік куратор-эдвайзер» байқауына топпен қатысып, бас жүлдеге ие болған. Шәкірттері қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленген.
  • Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің «Әлеуметтік-гуманитарлық» пән бірлестігінде жоғары санатты «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінің оқытушысы. «Рухани жаңғыру – Болашаққа бағдар» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндама жасаған білімгердің ғылыми жетекшісі ретінде колледж директоры Д.Уашев атынан құрмет грамотасымен марапатталған. Гүлжиһан Ғалиеваның 100 жылдық мерей тойына орай, колледжшілік дойбыдан өткізілген турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, үлес қосқаны үшін алғыс хат иеленген.
  • 5. Сарбаева Самал Ерболатовна – «Информатика» пәнінің оқытушысы.
  • 03 шілде 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2009-2013 жж. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің «Информатика» пәні бойынша мамандығын үздік бітірген. 2013-2015 жж. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің педагогика ғылымдарының магистрі атанды.
  • 2013 жылы Малайзияда Management and Science университетінде 2 апталық біліктілік арттыру курсынан (72 сағат) өтті.
  • 2016 жылы, Алматы қ., IT университетінде «Робототехника негіздері» 2 апталық курсын (72 сағат) өтті.
  • 2020 ж. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Информатика» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушылараның біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде онлайн курсын аяқтады.
  • Сертификаттар: «Өрлеу БАҰО» АҚ алғыс хаты, ББЖҚБАРИ алғыс хаты.

ПЦК оқытушылары

Бегманова Сауле Мырзантаевна

«Әлеуметтік –гуманитарлық» ПЦК-ның төрағасы, педагогика ғылымдарының магистрі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің оқытушысы

Жакакова Анар Садыркуловна

шет тілі педагогі

Сарсекова Клара Амангельдиевна

педагогика ғылымдарының магистрі «Химия», «Биология» пәндерінің оқытушысы.

Жақанова Сайраш Рымғалықызы

жоғары санаттағы «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы

Сахариев Бөкен Қызыкешұлы

жоғары санатты «Математика» пәнінің оқытушысы

Түменбай Ысматолла

"Қазақстан тарихы", "Дүниежүзі тарихы" пәндерінің оқытушысы.

Фотогалерея