• Mail Us
  • Call Us

“Ақиқат”

Бүгін Жүсіпбек Елебеков Республикалық атындағы эстрада-цирк колледжінің оқу театрында Драма актері бөлімінің 2 курс
студенттері еліміздегі мәдениет, әдебиет және өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арнаған “Ақиқат” атты қойылым ұсынды.

Темірбек Қараұлының есімі тек қана қазаққа ғана емес, түркі жұртына мәлім, ол Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.

Қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаның есімін халық жадында сақтап,өнегелі ісін жастарға үлгі ету мақсатында қойылған қойылым соңында колледж директоры Жеңіс Сейдуллаұлы сөз алып, бүгінгі ұрпақ Темірбек Жүргеновтің ерен еңбегінің алдында әрдайым қарыздар. Оның есімі қазақ мәдениетінің тарихында мәңгі жазылатын ерекше атап өтіп, студенттерге алғыс білдірді.

Рухани шараны - колледж ұстаздары, студенттер тамашалады. Режиссері - Айбек Иманқұлов.