Еліміздегі басты мереке қарсаңында “Желтоқсан ақиқаты” Патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен мерекелік концерт өтті.
Іс-шара Алматы қаласының барлық аудандарында тұратын Желтоқсан ардагерлеріне арналды.
Рухани іс-шараға Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінің “Актер өнері” тобының 1 курс студенттері қатысып, елдің азаттығы жолында күрескен бабаларымызға арнап сахналық көрініс көрсетті. Жетекшісі - Асия Несіпбайқызы.
Отанымыздың бостандығы үшін күрескен қазақ даласының ұлдары мен қыздарына тағзым етуді мақсат еткен қойылым көрермен жүрегіне жетіп, көпшілік көзіне жас алып тамашалады.
Бұл мереке бізге әрқашан Отанымыздың ізгілігі, келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын қайсар күш-қуат, берік сенім сыйлайды, себебі Тәуелсіздік жолында күрескен бабаларымыз мәңгі жадымызда!
Төл мерекеміз тағы да құтты болсын!