• Mail Us
  • Call Us

Құттықтау!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» және «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Академиялық» мәртебе берілді.

Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің ұжымы атынан іргелі өнер ұжымдарын “Академиялық” дәрежесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қос ұжымға шығармашылық табыс тілейміз!