Сіздерді еліміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн жаңа егеменді Қазақстанның құрылғанын, қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл арманының – өз тағдыры мен тарихын дербес анықтауға қол жеткізгенін айшықтайды.
Ұлы мереке бізге әрқашан Отанымыздың ізгілігі, келешек ұрпақтың бақытты өмірі жолындағы жарқын жетістіктерге бастайтын қайсар күш-қуат, берік сенім сыйласын!
Ел еңсесі биік, іргесі тыныш болғай. Көк байрағымыз биікте желбіресін.
Құрметпен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы!