Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, «Тағзым» мемориалдық стеласына гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, қоғам қайраткерлері, қаланың зиялы қауым өкілдері мен Алматылықтар қатысты. Діни басқарма өкілдері жиналған жамағатпен бірге татулық пен келісімнің маңыздылығы туралы дұға оқып, уағыздар айтты. Мемориалға келушілер үшін мешіттерде естелік дастархан жайылып, көлік дайындалды. Бүгін мешіттерде құрбан шалу рәсімдері де өтті.